
Қазақстанда мемлекеттік реттеусіз жанар-жағармайдың (ЖЖМ) бағасы көрші елдердің деңгейіне жетуі мүмкін, деп мәлімдеді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, деп хабарлайды Nege.Aqsha телеграм арнасы.
«Егер бұл нарықты реттеу шараларынсыз толығымен босататын болсақ, онда бағалар көрші елдердегі бағамен тең болуы керек. Солтүстігінде – Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде – Орталық Азия мемлекеттерімен», – деді Сәтқалиев брифингте.
Бұл ретте министр биліктің отын құнын белгілі бір деңгейге дейін көтеру мақсаты жоқ екенін баса айтты.
«Қандай жағдайда да біз әлеуметтік жағдайды ескереміз. Баға әлеуметтік жауапкершілікті сақтап, мұнай өнімдері нарығын тұрақсыздандыруға жол бермеуі керек. Сондықтан ол біртіндеп көтеріліп, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бақылауында болады», - деп қосты ол.