Атырау, 22 желтоқсан 22:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырау әуежайы жанындағы қоқыс: экологтар тексеріс жүргізіп жатыр

Бейнежазба
921 рет қаралды

Әлеуметтік желіде Самал ықшамауданы маңында далалықта түсірілген видео қызу талқыға түсті. Онда қоқыс қалдықтарының үйіліп жатқаны: соның ішінде "SCAT" және "Air Astana" логотиптері бар  жолаушыларға ұсынылатын тағам мен сусын ыдыстарын, стакандар, құлаққаптар, әуе билеттері анық көрінген.  

Бұл бейнежазбаны қала тұрғыны Ерлан Абиров жариялаған

Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайының өкілдері бұл мәселеге қатысты қысқаша жауап берді. Олардың айтуынша, қоқысты шығару мен оны төгу арнайы келісімшарт негізінде басқа мекемеге жүктелген.

Бейнежазба авторының шағымынан кейін 25 ақпан күні қоқыс төгілген орынға Атырау облыстық экология департаменті мен әуежай өкілдері барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Мамандар қоқыстың әуежайға тиесілі екенін растағанымен, оның нақты қашан және қай мекеме тарапынан қала сыртына төгілгенін анықтау үшін тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

- Тексеру нәтижесі бойынша қоршаған ортаны ластаған жауапты тұлғаларға қатысты шара қолданылады. Бұл мәселе департамент бақылауында болады, - деп хабарлады облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 ақпан, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.