
Атырауда көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларында жиналып, құлау қаупі бар мұздарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, мұздарды қауіпсіз түсіру үшін арнайы автокран қолданылып жатыр. Бұл жұмыстарға Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, "Арнаулы АвтоБаза" мекемесі, сондай-ақ қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жұмылдырылған.
Әкімдік тұрғындарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтарда сақтық шараларын қатаң сақтауға және арнайы ескерту белгілеріне назар аударуға шақырды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау 0 
