Атырау, 5 желтоқсан 10:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Катарлық UCC холдингі Қызылордада қуаттылығы 1 ГВт бу-газ электр станциясын салады

808 рет қаралды

Qatar UCC Holding Қашағандағы екі газ өңдеу зауыты мен екі газ құбырынан басқа, Қызылордада қуаттылығы 1 ГВт бу-газ электр станциясын салады, деп хабарлайды "Нефть и газ Казахстана" Telegram арнасы.

25 ақпанда UCC Holding және «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының еншілес ұйымы «Samruk Energy» арасында Қызылордада қуаты 1000 МВт бу-газ электр станциясы жобасы бойынша Акционерлер келісіміне қол қойылды.

Бұл туралы бір жыл бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Катарға мемлекеттік сапары кезінде келісімге келген болатын. Сапар қорытындысы бойынша екі газ өңдеу зауытының, КС-14 компрессорлық станциясының және "КС-14-Қостанай" газ құбырының, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші тармағының және электр станциясының құрылысы жобалары бойынша бірнеше ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Акционерлер келісімінің егжей-тегжейі, сондай-ақ инвестицияның қайтарымдылығын қамтамасыз ететін тариф мөлшері жарияланбады.

26 ақпан, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.