
2024 жылы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы табиғатты қорғау заңнамасын бұзу деректерімен қызу күрес жүргізді.
Табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 2237 фактісі тіркелді. 1248 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 138-іне қатысты сот тергеуі жүргізілді. Жалпы сомасы 29,2 млн теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар Жайық және Қиғаш өзендеріне бекіре балығының 3,3 млн шабағы жіберілді.
Тауарлы балық өсірумен айналысатын 43 шаруашылықтың құрылғаны негізгі жетістіктердің бірі болды. Бұл шаруашылықтарда бір жылда 945,6 тонна балық өсірілді.
Өңірде балық шаруашылығын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.
В Атырау +1