Атырау, 24 желтоқсан 09:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Жангелдин атындағы мектептің жөндеу жұмыстары наурызда басталады

827 рет қаралды

Жоба сараптамадан өтті, оқу орнын толық жөндеу жұмыстары көктемде басталады, деп хабарлады "Ақ Жайыққа" берген сұхбатында білім басқармасының басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА.

"Мердігер анықталды, техникалық қадағалау тағайындалды және жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланды. Сондықтан күзде балалар өз мектебіне аман-есен баруы үшін мектепті көктемде босату керек", - деп түсіндірді Дүйсекенова.

Жөндеу жұмыстарына байланысты оқушылар жақын жерде орналасқан оқу орындарына ауыстырылады. Осылайша, Жангелдин атындағы мектептің оқушылары оқуын №6-шы мектепте жалғастыруы мүмкін. Ал үш жылдан бері мектеп ғимаратын бұзып, жаңа ғимарат салу туралы шешімге байланысты үшінші жыл Жангелдин мектебінде оқып жүрген Ломоносов атындағы мектеп оқушыларының қайда оқитыны әлі анықталған жоқ.

Қазір шектеулі орында оқу процесін тиімді құру үшін жақын маңдағы мектептердің кестесі талданып жатыр. Сабақтар әдеттегі кесте бойынша өтеді: сабақ 40-45 минутқа созылады, ал факультативтік сабақтар, мысалы, дене шынықтыру және музыка пәндері 30 минут өтеді. 

Қажет болған жағдайда оқушыларды мектеп автобустарымен тасымалдау қамтамасыз етіледі.

"Оқу процесін ұйымдастыру бойынша барлық шешім білім басқармасымен және осы салаға жауапты әкімнің орынбасарымен келісіледі", - деп түйіндеді сөзін А. Дүйсекенова.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

25 ақпан, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.