Атырау, 2 сәуір 1415
 бұлттыВ Атырау +15
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

ЕО кіруді шектеді: Ресей порттарына қатысты санкциялар Қазақстан мұнайына қалай әсер етеді?

622 просмотра

Ресейдің бес порты Еуропалық Одақтың 16-шы санкциялар пакетіне ілікті.

Еуроодақтың санкция тізіміне Астрахань, Махачкала, Усть-Луга, Приморск және Новороссийск порттары енді. Еске салайық, Қазақстан мұнайының басым үлесі (2024 жылы 55 млн тонна мұнай) Новороссийск портындағы КҚК теңіз терминалы арқылы тасымалданады.

Қазақстан мұнайы танкерлермен Ақтау портынан да Махачкала портына жөнелтіледі, әрі қарай Махачкала-Тихорецк-Новороссийск мұнай құбыры арқылы қайтадан кемелерге тиеледі. «ҚазТрансОйл» АҚ мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында Махачкала портына 1 миллион 775 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілген.

Сарапшы Нұрлан ЖҰМАҒҰЛОВ Қазақстаннан мұнай, сұйытылған газ және астық Махачкала, Усть-Луга және Новороссийск порттары арқылы транзитпен тасымалданатынын айтады. Жұмағұлов қазақстандық жүк жөнелтушілер санкцияның енгізілуіне байланысты қиындыққа тап болмайтынына үміттенеді.

Ресей Федерациясының алты әуежайы да санкцияға ұшырағанын айта кетейік. Олар: Бегишево (Татарстан), Внуково (Мәскеу), Жуковский (Мәскеу), Пермь, Кольцово (Екатеринбург), Псков.

25 ақпан, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16