Атырау, 22 желтоқсан 22:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Атырауда баспанасыз көп балалы ана балаларын мемлекет қарауына тапсырды

820 рет қаралды

Атырау қаласына жақын ауылдық округте тұратын көпбалалы ана әлеуметтік жағдайының нашарлығына байланысты 5 баласын бейімдеу орталығына, 3 баласын сәбилер үйіне уақытша орналастыруға мәжбүр болды.

Бала құқықтары жөніндегі Атырау өңірлік уәкілі Айжан Сәрсембаеваның айтуынша, бұл отбасы 2020 жылы «Харекет» қайырымдылық қорының көмегімен жеке баспанаға ие болған. Алайда үйдің жағдайы сын көтермейтін күйде болып, төбесінен су ағып, жылу жүйесі дұрыс жұмыс істемеген.

- Осыған байланысты көпбалалы ананың әлеуметтік жағдайы Атырау қалалық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралып, оның өтініші негізінде 5 бала Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал 3 бала «Сәбилер үйіне» уақытша орналастырылды, - деді Айжан Сәрсембаева.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта көпбалалы ананың үйін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесі қалпына келтіріліп, үйдің ішкі жағдайы жақсартылған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

25 ақпан, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.