
Жылыой ауданында Жем өзені мен Құрсай өзегін кеңейту және түптереңдету жұмысы жалғасын тапты.
- Шаруалар малымызды өзеннен суғаруға бөгеттер кедергі болады деп, өзектерді қалдыруын сұраған еді. Бірақ бұл өте қауіпті екенін оларға түсіндірдік. Егер қарғын су қатты келсе, сол өзек арқылы елді мекендер мен қаланы су басып қалуы әбден мүмкін,-дейді аудан әкімі Жұмабек ҚАРАЖАНОВ. - Биыл да Ақтөбе облысының Мұғалжар тауы жағынан қарғын су көп келуі мүмкін, бұл болжам ғана. Өткен жылдарда су тасқыны қатарынан екі жыл келген. Сол себептен дайындық ерте бастан жүргізілуде.
Өткен жылы күзден бастап Жем өзені арнасын кеңейту және Құрсай өзегі түптереңдету жұмысы жүріп жатыр. Жалпы ұзындығы 95 км тереңдету жұмысының 85 км атқарылған. Мұнда бүгінде 102 техника жүр. Астаналық мердігер "Сан-ин-вест" ЖШС наурыз айында тереңдету жұмысын атқарып шықпақшы.
Бұл жоба бойынша қарғын судың келуі Каспий теңізіне жетуіне септігін тигізуі мүмкін. Сондай-ақ мердігер мекеме көктемгі су келіп арнасына бірқалыпты түскеннен кейін шаруалардың малы үшін өзектер шығарып беруді міндетіне алып отыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -6 

