Атырау, 2 сәуір 1415
 бұлттыВ Атырау +15
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

Қашағандағы газ өңдеу зауыты: ректификациялау колоннасы орнатылуда

496 просмотра

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Бүркітов Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қашаған кен орнындағы қуаттылығы 1 млрд м³ газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылыс алаңында болды. Сапар барысында ол «GPC Investment» ЖШС қызметкерлерімен және мердігер ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізді.

QazaqGaz басшылығына жеңіл көмірсутектерді өндіру құрылғысына дистилляциялық колонналарды орнату процесі көрсетілді. Құрылыс алаңына күкірт өндіру құрылғысында үлкен колонналық жабдықты орнату үшін қуатты кран әкелінді. 

Сонымен қатар, мердігер компания өкілдері көлемі 5000 м³ болат тік резервуарлардың құрылысына дайындық жұмыстарының аяқталғаны туралы хабарлады.

Жиын қорытындысы бойынша бас мердігер жалпы зауыт нысандарындағы құрылыс жұмыстарын жеделдету, тауарлық өнімді сақтау және жөнелту үшін жұмысшылар санын көбейту және қосымша арнайы техника тарту арқылы құрылыс қарқынын жеделдетуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

24 ақпан, 18:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16