
23 ақпан күні кешке Атырау қаласының бірнеше тұрғыны Азаттық даңғылындағы «Сауран» сауда үйінің маңында, сондай-ақ С.Датов көшесінде жағымсыз иіс сезіліп жатқанына шағымданды.
Кейбір қала тұрғындары Атырау облысы әкімдігінің Telegram-арнасында мөлшерден асып кеткен АМӨЗ шығарындылары болуы ықтимал екенін айтып, шара алуды талап етті.
Осыған байланысты «Ақ Жайық» редакциясы Атырау мұнай өңдеу зауыты мен «Қазгидрометтен» түсініктеме сұрады. Экология департаменті жолдаған сауалымызға жауап ретінде зертханада қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Қоршаған ортаға мониторинг кешенді зертханасының меңгерушісі Әсем МУРАТУЛЛИНА:
«AМӨЗ бекеттерінің деректері бойынша 2025 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша ШРК-дан асу тіркелген жоқ. Мониторинг күн сайын онлайн режимінде жүргізіледі. Егер барлық бекетте ластанудың жоғары деңгейі анықталса, жергілікті атқарушы органдарға хабарлаймыз», - деді.
Материал жарияланған кезде АМӨЗ-ден түсініктеме келмеді. Біз ахуалға бақылау жасауды жалғастырамыз.
Айнұр САПАРОВА
Автор түсірген суреттер мен бейнежазба
В Атырау -1