Атырау, 2 сәуір 19:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +14
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

S&P: Мұнай өндіру көлемінің артуы Қазақстан экономикасына оң әсер етеді

586 просмотра
Сурет: freepik.com

Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде, болжам – «Тұрақты» деп растады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Агенттік сарапшылары елдің өтімді сыртқы активтері сыртқы борыштан едәуір асып түседі деп болжап отыр. S&P мұнай өндірудің жоспарланған өсуі және Теңіз мұнай кен орнындағы қуаттылықтардың кеңеюі экономикалық өсімге оң әсер ететінін атап өтті.

Қазақстанның орта мерзімді фискалдық траекториясы фискалдық ережелердің сақталуына байланысты болатындығы атап өтілді. Салық базасын кеңейту және ҚР Ұлттық қорынан қосымша трансферттерді шектеу бюджет тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сондай-ақ S&P Қазақстанның банк секторын геосаяси және макроэкономикалық тәуекелдерге тұрақтылығын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, екінші деңгейлі банктердің капитал қоры мен тұрақты өтімділігі жеткілікті.

24 ақпан, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16