Атырау, 7 маусым 18:39
 дождьВ Атырау +23.6
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

«Атырау» футбол клубы жаңа маусымға дайындалуда

1 082 рет қаралды

Сурет: «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметі

«Атырау» футболшылары Қазақстан чемпионатының жаңа маусымына дайындық аясында Түркияның Анталья қаласында өткен оқу-жаттығу жиынын аяқтады.

«Мұнайшылар» Анталияда екі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Екінші жиын 10-22 ақпан аралығында өтті. Осы кезеңде Горовенконың шәкірттері үш бақылау матчін өткізді. Бүгін команда Атырауға ұшып келіп, жаңа маусымға дайындықты өз қаласында жалғастырады. 

«Чемпионаттың алғашқы матчын 1 наурыз күні өз алаңымызда “Елімайға” қарсы өткіземіз», - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, өткен маусымда «Атырау» Қазақстан чемпионатында жетінші орын алған болатын. Сондай-ақ команда ел кубогының финалында өнер көрсетіп, «Ақтөбеден» 1:2 есебімен жеңіліс тапқан еді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

24 ақпан 2025, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.