Атырау, 9 сәуір 0739
 ашықВ Атырау +12
$ 518.57
€ 566.59
₽ 6.05

Еуропа елдерінде Украинадағы соғыстың үш жылдығына орай демонстрациялар өтті

315 просмотра 11 пікір
Сурет: azattyq.org

Еуропа елдерінде Ресейдің Украинаға қарсы кең көлемді басқыншылық соғыс ашқанына үш жыл толуына орай демонстрациялар өтті. Оған қатысқандар Ресей агрессиясына қарсы күресіп жатқан Украинаға қолдау білдірді, деп жазады Аzattyq.org.

23 ақпанда Брюссельде бейбіт демонстрация өтті деп хабарлады Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшісі Олена Абрамович. Бірнеше мың демонстрант Украинаның әнұранын шырқап, "Ресей жауап беруі керек!", "Жасасын Украина!", "Еуропаға – бейбітшілік, Украинаға – жеңіс!" деп ұрандатты.

Демонстрация кезінде әуе дабылын қосты, Украина тұрғындары сирена дауысын Ресей шабуыл жасаған сайын естиді.

23 ақпанда Чехия астанасы Прага қаласында да Украинаны қолдау шеруі өтті. Мыңдаған адам қала орталығындағы алаңға жиналды. Чехия президенті Петр Павел де жиналғандар алдында сөз сөйледі, ол Ресей Украина жеріне басып кіріп, агрессорға айналды және халықаралық құқықты бұзды деп мәлімдеді.

Кейінгі бірнеше күнде Киевті қолдау акциясы әлемнің жүздеген қаласында өтті.

24 ақпан, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16