
Әлеуметтік желілерде көліктің артына екі тюбингті, яғни сырғанауға арналған құралды байлап, балаларды көшемен сүйреп бара жатқан жүргізушінің видеосы тарады.
Жүргізуші қатты жылдамдықпен жүрмегенімен, көптеген тұрғындар бұл әрекетті қауіпті санап, наразылық білдірді.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлік иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау 0