Атырау, 24 желтоқсан 13:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда ірі қарадан қотыр шықты

992 рет қаралды
Көрнекі сурет

Шаруа қожалық төрағаларының айтуынша, каналға күзде су айдалмағандықтан тасқын кезіндегі қалдық судан ішуі салдарынан ауруға ұшырауда. Мәселен, "Абдолла" ШҚ ірі қара малдарында қотыр ауруы белгісі бар. 

- Ауру желтоқсан айынан бастап білінді. Каналда су жоқ десе болады, табанында қалған қалдық су шіріп, сасып кеткен. Амал жоқ соны беріп отырмыз. Малдың күйі қашты, - дейді шаруа қожалығының басшысы Нұрбек ЕСЕНҚҰЛОВ. 

Мұны басқалар да қостап отыр. 

Облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Нұркен БАЯРОВТЫҢ айтуынша, аса қауіпті ауруға жатпайтындықтан мал иесі өз күшімен емдік шарасын жүргізуі керек екен. Бұған үкімет тарапынан ешбір дәрі-дәрмек бөлу қарастырылмаған. 

Бұл жөінде "Табиғат" КМК директоры Асылбек РЫСЖАНОВ былайша түсінік берді:
- Каналдарға өз уақытына сәйкес желтоқсанға дейін су насоспен айдалды. Қаңтар, ақпан, наурызда насосты қоспаймыз, енді 1-ші сәуірде қосылады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 ақпан, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.