Атырау, 21 желтоқсан 22:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Екі пәтері бар көпбалалы отбасы тұрғын үй төлеміне қол жеткізді

847 рет қаралды

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы тұрғын үй дауы бойынша 2000 жылдан бері қызметте болған талапкердің құқықтарын қорғауға қол жеткізген әкімшілік істі қарады.

Белгілі болғандай, талапкер үйленген, кәмелетке толмаған алты баланы тәрбиелеп отыр. 2010 жылы талапкердің әйелі отбасы тұрған пәтерді кепілге қойып, 2027 жылға дейінгі мерзімге ипотекамен пәтер алған. 2018 жылы тұрғын үй комиссиясы талапкердің отбасын баспанаға мұқтаж деп таныды.

2020 жылы талапкер тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ипотекалық үй сатып алған. 2023 жылы мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша талапкерге тұрғын үй төлемдері тоқтатылып, бұл оның сотқа шағымдануына негіз болды.

Судьялар алқасы талапкердің талап арызын қанағаттандыру туралы МАӘС-тің шешімімен келісті. Негізгі дәлел ретінде талапкердің әйелінде «Күміс алқа»  бар екендігі айтылды. Тұрғын үй төлемдерін есептеу ережелері де ескерілді, оған сәйкес, талап қоюшының отбасына 114 ш.м. тұрғын үй алаңы тиесілі, ал екі пәтердің жалпы ауданы 137,1 ш.м. құрайды, яғни белгіленген нормадан асып кетпеген.

Алқа сондай-ақ сенім құқығын қорғау қағидасының бұзылғанын атап өтті. Талапкер 5 жыл бойы тұрғын үйге мұқтаж деп танылып, тұрғын үй төлемдерін алып келген, алайда тұрғын үй жағдайы өзгермегеніне қарамастан, бұл төлемдер тоқтатылған.

Нәтижесінде сотактілері заңды күшіне еніп, орындалды.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

23 ақпан, 03:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.