
21 ақпан күні Атырау қаласындағы “Насиха” сауда орталығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери оркестрі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Ұлы Жеңіске 100 күн қалғанда” атты акция аясында соғыс жылдарындағы патриоттық әндерді орындады.
Бұл шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ардагерлерге құрмет көрсету және қоғам назарын тарихи оқиғалардың маңыздылығына аудару.

Күтпеген музыкалық тартуды тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары өнерпаздарға ризашылықтарын білдіріп, ерекше ықыласпен қабылдады. Көпшілік қатарында Жеңісті жақындатқан ардагерлер мен олардың ұрпақтары да болды. Жиналған қауым патриоттық әндерге қосылып, әскерилермен бірге ән шырқады.
Атырау тұрғындары соғыс жылдарындағы әндердің үнін тағы бір мәрте сезініп, Жеңіс рухын жүректерімен сезіне білді.
В Атырау -1