
Атырау станциясындағы полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері Армения азаматы Арамян Айқарамға көмек көрсетті. Ол елде тіркелу мерзімі кешіктірілуіне байланысты қиындықтарға тап болған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Теміржол вокзалында көлік полицейлері шетелдікке уақытша баспана алуға және үйіне жетуге жәрдемдесті.
— Полицейлер менің жағдайымды түсініп, баспана мәселесін шешіп берді. Сондай-ақ маған Атырау — Кутаиси билетін сатып алып, әуежайға шығарып салды. Қазақстан, сіздерге қонақжайлылық пен мейірімділіктеріңіз үшін алғысымды білдіремін!, — деді шетелдік.
Полицейлер қиын жағдайға тап болғандарға көмек көрсетуге әрқашан дайын екенін және олардың міндеті тек тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар адамдарға қамқорлық жасау екенін атап өтті.
В Атырау -2