Атырау, 24 желтоқсан 13:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Жылыойда қар қалың түсті

Бейнежазба
1 080 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

Жылыой ауданында бір аптадан бері табиғат тосын мінез танытып,  үздіксіз қар, арасында жаңбыр да жауған.   

- Қыс болғалы алғаш қалың қар түсті. 17 ақпанда қалыңдығы 50 см қар түссе, ал 21 ақпанда 25 см қар болды. Кеше түнде үш сағат жаңбыр, артынша қар жауды. Енді ауданда қар аршу жұмыстары күн, түн демей жүріп, ауылдармен қатынас тұрақталды,-дейді аудан әкімінің орынбасары Нұрболат САРМАНОВ. 

Құлсары қаласында қардан аршу жұмысында 30 техника, 70 адам жүр. "Жылыойтазалық" ЖШС-нің директоры Бауыржан АБДРАХМАНОВТЫҢ айтуынша 300 рейс, яғни үш мың текше метр қар аршылып тасымалданған. 

Ауылдарға дейінгі кірме жолдарды қардан "Аслим-2006" ЖШС тазартқан. "TEAM Developments" ЖШС Ақкиізтоғай, Майкөмген ауылдарында, Шоқпартоғайда, ЖК "Ескайыров" Тұрғызбада, ЖК "Нұрбаев" Қосшағылда, "Нұр Радианс"ЖГС Жаңа Қаратонда техникаларымен көшеішілік жолдарды қардан аршуда. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 ақпан, 03:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.