Атырау, 23 желтоқсан 23:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қожақаев көшесіндегі мүдделер қақтығысы: қыңырлық па, ақиқат па?

Бейнежазба
1 157 рет қаралды

Апатты баспанадан көшу талабы Атырауда үйреншікті жағдайға айналды. Алайда, Қожақаев көшесіндегі ахуал апатты жағдайда болса да тұрғындардың бәрі үйлерін тастап кетуге құлшыныс таныта бермейтінін көрсетеді. «АЖ» тілшісі жағдайдың сәл өзгешелеу екеніне көз жеткізген еді.

Балықшы округінен сайланған депутат Арман ХАЙРУЛЛИННІҢ ақпаратынша, тұрғындарға «Нұрсая» ықшамауданындағы жайлы жаңа үйлерден пәтерлер ұсынылған. Кейбір тұрғындар көшуге дайын, бірақ наразы топтың кесірінен баспанасын ауыстырғысы келетіндер жаңа пәтерлерінің кілтін ала алмай жүр.

«Бұл жағдай одан да көп болмаса, екі жылдан бері жалғасып келеді. Қожақаев көшесіндегі ескі үйлердің бірнеше тұрғыны олардың қазіргі пәтерлерінен үлкенірек болғанына қарамастан жаңа баспанаға көшуден бас тартып отыр. Олар принцип ұстанып, көршілеріне ғана емес, баспана кезегінде тұрғандарға да кедергі жасап отыр», - дейді А.Хайруллин.

Тұрғын үй қоры «қожақаевтықтар» үшін резервте жаңа пәтерлерді ұзақ сақтай алмайды екен. Өйткені басқа санаттағы азаматтар, соның ішінде жетім және көп балалы отбасылар өз кезегін жылдар бойы күтіп жүр.

Ал, Қожақаев көшесіндегі 7 және 11-үйлердің тұрғындары «Латифа» тұрғын үй кешенінде ұсынылған пәтерлерге көшкісі келмейді. Өйткені оларға баспана жоғарғы қабаттардан ұсынылып отыр.

«Иә, біз принципке барып отырмыз, – дейді тұрғындардың бірі. – Біз өмір бойы Балықшыда тұрдық, бізге осы жер ұнайды. Нұрсаяға көшетін болсақ, ең болмаса төменгі қабаттан болса екен. Өзім зейнеткермін, мұнда мен сияқтылар көп. Бірақ көпшілігіміздің бесінші қабатқа лифтісіз көтеріле алмайтынымызды ешкім ескермей отыр».

«Біз көшуге келісеміз, - дейді тағы бір тұрғын. — Бас тартқандар небәрі 10%, бұлар негізінен зейнеткерлер. Өмірдегі кез келген өзгерістерге төтеп беру оларға қиын. Олардың қыңырлығынан қалғандары зардап шегіп отыр. Біздің екі баламыз бар, ойын алаңы мен көлік тұрағы бар жаңа ауданға көшсек қуанар едік. Көршілеріміз «үй тозбаған» дейді, бұл олай емес. Бұл үйлер шынымен ескі, ешқандай жөндеу жұмыстары жарылып, тозғанын жасыра алмайды».

«Олардың ұсынылған пәтерлерге көшуден бас тартуы 100% қоныс аударуды және апатты үйлерді бұзуды қиындатады», - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тұрғындардан жылыту маусымы аяқталғанша, 15 сәуірге дейін бір шешімге келу сұралды.

Айтпақшы, денсаулығына байланысты бесінші қабатқа баспалдақпен көтеріле алмайтын бірнеше тұрғын үшін ымыраға келуге болмас па еді? Өйткені, бұрынғыдан ыңғайлырақ болса да, ешкім пәтерде қамалып отырғысы келмейді ғой.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

21 ақпан, 18:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.