Атырау, 21 желтоқсан 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Бір-бірімізге сенгендіктен есігімізді құлыптамаймыз»: ішімдіксіз ауылдар қалай өмір сүріп жатыр

Сурет
1 239 рет қаралды

Атырау облысында ішімдіктен бас тартқан елді мекендердің саны 54-ке жеткен.

Қызылқоға ауданында-17, Құрманғазы ауданында-16, Исатай ауданында-6, Индер ауданында-4, Жылыой ауданында-3, Махамбет ауданында-7, ал Мақат ауданындағы 1 ауыл мен елді мекендер алкогольдік өнімдерден бас тартқан.

Құрылыс ауылы Индер ауданы Жарсуат округіне қарайды. Ауыл «Атырау-Индер» жол торабында орналасқан. Мұнда мектеп, медпункт, клуб, екі дүкен бар. 715 халық 113 үйде тұрып жатыр. Соңғы жылдары ауылдан кету емес, көшіп келу көбейген. Баспана тұрғызу үшін жер телімін сұраған арыздары куә. Өткен жылы көше жарығы жаңартылып, жазғы су желісі жүргізілген. Замануи үлгідегі үйлер салына бастаған.

- Қанша қымбатшылыққа қарамасын, ауыл жастары баспана салудың соңғы үлгісіне көшкен. Архитектуралық талаптарды сақтай отырып, қала үйлерімен теңесетін баспаналар көбейе бастады. Бастысы жастарымыз еңбекққор болып қалыптасып келеді, бұл бізді қуантып тұр. Қолымыздан келгенше ауыл ақсақалдары оларға дұрыс бағыт-бағдар беруге тырысады, тәрбиелік мәні бар шаралар жиі ұйымдастырылады. Жалпы ауыл адамдары біртұтас, ұйымшыл,-дейді ардагерлер алқасының төрағасы Аманқос ЖАПАРОВ.

Ауылда жұмыс көзі тапшылығы болғанымен мал шаруашылығымен айналысып, оны сатып, өнімдерін пайдаланып күн көруде. Вахталық әдіспен басқа қалаларда жұмыс жасап жатқандар бар, қалай еткенде тіршілік көзін тапқандар көштен қалмай келеді.

«АЖ» тілшісі ауыл тұрғындарын сөзге тартты.

- Ауыл тыныш, қылмыс бізде жоқ. Өткен жылы кәсіпкерлер дүкендерінде ішімдік пен темекіні сатуды қойып, басқаларға үлгі көрсетті. Салауатты өмірге ауыл тұтастай көшті, спортқа деген қызығушылық артты. Қылмыс болмағасын ұрлық-қарлық та жоқ. Кейде есгігімізді құлыптамай кетеміз, сенім бар ауыл адамдары арасында,-дейді тұрғын.

Тентек судан бас тартқан ауылдың берекесі артып отыр. Тойларда арақ қойылмайды, келісім солай, мұны ауыл адамдары түгел қолдаған.

- Бұл бір тыныш ауыл. Солай қалыптасқан, үлкенді кіші тыңдайды, сыйластық мол. Ауылдың әлеуметтік жағдайы да жақсарып келеді, ойын алаңдарын салу жоспарда тұр. Ауыл адамдары су тасқыны кезінде күн түн, демей еңбек етті. Ой-пікірі қалыптасқан жастар легі өсіп келеді. Ішімдіктен бас тартқан ауыл басқаларға үлгі боларлық, біз басқа ауыл адамдарын осыған шақырамыз,-дейді Жарсуат округінің әкімі Ербол БӨКЕЕВ.

Жалпы талдауларға сәйкес, мас күйде көлік жүргізу, балағаттау, төбелесу, отбасы кикілжіңі сияқты құқық бұзушылықтың 85 пайызы алкогольдік ішімдіктің салдарынан болады екен.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

21 ақпан, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.