Атырау, 22 желтоқсан 22:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырау облысында бас имам ауысты

1 338 рет қаралды
Сурет: amin.kz 

Бүгіннен бастап 6 жылға жуық Атырау облысының бас имамы қызметін атқарған Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ өз қызметінен кетті. 

Алтынбек Ұтысханұлы қызмет атқарған кезеңде облыста 15 мешіт, Құран мен діни сауаттылықты оқытуға арналған бес орталық ашылды. Бұл орталықтардан 8 қари шықты. 

Оның орнына Қызылорда облысынан келген имам Болатбек ҰЛАСХАНҰЛЫ тағайындалады. 

Болатбек Ұласқанұлы Абуов – 1982 жылы дүниеге келген.

2003-2008 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін аударма ісі мамандығы бойынша үздік бітірген;

2008-2010 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін Араб филологиясы мамандығы бойынша Магистратурасын бітірген;

2011-2013 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған;

2013ж. Республикалық имамдар білімін жетілдіру институтында білім алған;

2012-2015 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Шетел филологиясы мамандығы бойынша Докторантурасын тәмамдаған;

Қызмет жолы:

1999-2002 жылдары Қызылорда обл., Байқоңыр қаласы «Жәрімбет ишан» мешітінде азаншы, ұстаз, наиб имам болып бастады. 

2005 – 2008 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Студенттер кеңесінің мүшесі, төрағасы орынбасары; 

2008 – 2010 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының референт-аудармашысы; 

2009 – 2012 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқытушы; 

2010 – 2014жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының әкімшілік және халықаралық істері жөніндегі көмекшісі; 

2014 жылдан бері Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Аппарат жетекшісі, Бас хатшы қызметтерін атқарды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

21 ақпан, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.