Атырау, 21 желтоқсан 22:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда 9 миллиардқа салынған оңалту орталығы ашылады

1 102 рет қаралды

Атырауда биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы аяқталады. 

Алмалы ауылында салынып жатқан 150 орындық оңалту орталығының құрылысы 2023 жылы шілде айында басталған. Негізгі қызметтері - медициналық көмек көрсету, асқынулардың алдын алу, әлеуметтік және кәсіби бейімдеу. 

Мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілгендей оңалту орталығының құны 9 215 422 965 теңгені құрайды. Мердігер атыраулық "БатысАльянсСтрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

Үш қабатты, бес блоктан тұратын орталықтың жалпы аумағы – 5 гектар. Жобада серуендеу аймақтары мен толық көгалдандыру қарастырылған. Жобаға сәйкес, мұнда сауықтыру-жүзу бассейні, спорт зал, мәжіліс залы және техникалық ғимарат пен жылыжай, дәрігерлік бөлмелер мен оңалту-жаттығу залы, УЗИ кабинеті және дәріхана, 125 орындық асхана, медициналық оңалту, әлеуметтік оңалту және психологиялық оңалту аумақтары, терапиялық бөлмелер (тұз шахтасы, электр сәулемен емдеу, ингалятор аумағы, физиологиялық және механикалық емдеу, сумен және инемен емдеу)ойластырылған. 

Құрылыс басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 70 пайызға ақталған. Толықтай мамыр айында тапсырылады деп күтілуде. 

Айта кетейік, қазіргі кезде Атырау облысында 2008 жылы салынған, 55 орындық бір ғана оңалту орталығы жұмыс істейді. Онда жылына 1000-нан астам адам қызмет алады. Жаңа орталық пайдалануға берілгеннен кейін, өңірдегі барлық мұқтаж жандарды оңалту шараларымен қамту жоспарланып отыр. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

21 ақпан, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.