Атырау, 24 желтоқсан 13:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

180-ге жуық мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды

880 рет қаралды

Қала прокуроры Руслан АЙТИМОВТЫҢ айтуы бойынша, 2024 жылы мемлекеттік органдардың қызметінде 500-ден аса кемшілік анықталды. 

13 мың азаматтың құқығы толығымен қалпына келтірілді. 104 кәсіпкерге мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілген қызметтер үшін негізсіз төленбеген 164 млн теңге қайтарылды.

Анықталған кемшіліктер негізінде 140 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4 лауазымды тұлға әдеп жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

39 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 5-і кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жазаланды.

Сондай-ақ, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарды мемлекеттік қызметке тағайындау деректері анықталды. Оларды қабылдауға жауапты адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал тағайындалған лауазымды адамдар жұмыстан шығарылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 ақпан, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.