Атырау, 2 сәуір 0836
 ашықВ Атырау +20
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

​Өріктау кен орнын игеру Ақтөбе облысын газбен қамтамасыз етті

685 просмотра
Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі

Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Өріктау Оперейтинг» ЖШС-де өндірістік кеңес өткізді, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі. 

2024 жылдың қорытындысы бойынша компания 84 мың тонна мұнай және 54 млн м³ ілеспе мұнай газын өндірді. 

Қазіргі уақытта компанияның басты қызметі 2023 жылы қарашада өнеркәсіптік игеруге берілген Шығыс Өріктау кен орнына бағытталған. Бұл Ақтөбе өңіріне тауарлық және сұйытылған газ жеткізу көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

2025 жылы «Өріктау Оперейтинг» кәсіпорнына өндіру көлемін 92 мың тонна мұнай мен 58 млн м³ газға ұлғайту міндеті қойылды.

Жиын барысында табиғи газдың мол қоры бар Орталық Өріктау кен орнын толық көлемде игеруге дайындық мәселелері қаралды. Кен орнын игеру жұмыстары қызған шақта жылына 1 млрд м³ газ өндіруге мүмкіндік береді.

2025 жылдың үшінші тоқсанында кен орнының геологиялық-гидродинамикалық үлгісін одан әрі жаңарту және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін аяқтау үшін екі газ ұңғымасына сынақ жүргізу жоспарланып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша А.Хасенов өндірудің жоспарлы көрсеткіштерін орындау, операциялық тиімділікті арттыру және шығынды азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

— Жыл сайын газ тұтыну көлемінің өсуіне байланысты ҚМГ газ ресурстарын ұлғайтуға басымдық береді. Ақтөбе облысы мен еліміздің басқа өңірлері үшін жоғары әлеуметтік маңызын ескере отырып, Өріктау кен орнының газ конденсатты бөлігін тездетіп пайдалануға беру – бұл бірінші кезектегі міндет, – деп атап өтті А.Хасенов.

Жалпы, ҚМГ газ саласын дамытуға және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бастамаларды іске асыруды жалғастырады.

20 ақпан, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16