Атырау, 2 сәуір 06:25
 бұлттыВ Атырау +15
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

Шымкентте 54,7 га жер учаскесінің заңсыз берілуінің жолы кесілді

633 просмотра

Сот жер учаскесінің жеке меншікке берілуін заңсыз деп танып, оны мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті.

Аталған жер учаскесін мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау мақсатында мемлекеттік мұқтаждық үшін алып қою жоспарланған болатын. Алайда, Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаментінің жоспардан тыс тексерісі барысында бұл учаскенің Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабы өрескел бұзылып, жеке меншікке берілгені анықталды. Аталған бапқа сәйкес, мемлекеттік жер учаскелері міндетті түрде конкурс немесе аукцион арқылы берілуі тиіс. Бұл жағдайда жер заң талаптары сақталмай берілген.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің талап-арызын қанағаттандырып, шешім заңды күшіне енді.

Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында заңдылық қалпына келтіріліп қана қоймай, 164,2 млн теңге көлеміндегі негізсіз бюджет шығынының алдын алу мүмкін болды. Бұл жағдай жер учаскелерін беру процесінде бақылауды күшейтудің маңыздылығын көрсетеді.

20 ақпан, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16