Атырау, 22 желтоқсан 22:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда екі колледжге жаңа ғимараттар салынады

1 128 рет қаралды

Қатира Дүтбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжіне Атырау-Орал тас жолы маңынан 600 орындық заманауи ғимарат пен 300 орындық жатақхана салынады.

Бүгінгі таңда ЖСҚ жасақтау үшін жергілікті бюджеттен 83 млн 884 мың теңге қаржы бөлінген. 

Одан бөлек, Атырау қаласында заман талабына сай жаңадан 320 орындық IT колледжін ашу үшін, жаңа ғимарат салу қарастырылуда.  

Құрылыс басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде жаңадан ашылатын IT  колледждің 320 орындық ғимараты мен 150 орындық  жатақханасы құрылысын салу үшін Атырау қаласында жер телімі қарастырылуда.

Нысанның жобалық сметалық құжаттарын дайындауға 72 млн 895 мың теңге жоспарланған.

- Қазіргі таңда екі білім ошағының да жобалық сметасы дайындалуда. Атырау қаласында Қ.Дүтбаева атындағы 600 орындық Атырау гуманитарлық колледжі және 300 орындық жатақхана құрылысын салу үшін  Атырау қаласы Атырау-Орал тас жолы мекен жайынан 4,5 га жер телімі бөлінді, деді құрылыс басқармасынан.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

20 ақпан, 21:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.