
Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-де (ҚОА — ҚМГ еншілес кәсіпорны) болды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Компанияда өткен жиналыста 2024 жылдың қорытындысы қаралып, 2025 жылға нақты міндеттер белгіленді. Былтыр «Қазақойл Ақтөбе» 476 мың тоннадан астам мұнай және 806 млн текше метрден астам газ өндірді.
Биылға арналған өндіру жоспары — 480,1 мың тонна мұнай және 798 млн текше метрден астам газ.
ҚОА жер қабатын қышқыл сумен ажырату технологиясын қолдана отырып, көлбеу және еңіс ұңғымаларды қоса алғанда, жыл сайын 5 эксплуатациялық ұңғыманы бұрғылауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ компания кен орындарды игерудің озық тәсілдеріне тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жүргізетін болады. Бұл шаралардың барлығы өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған.
Биыл Қожасай кен орнының шығыс бөлігінде эксплуатациялық ұңғыманы бұрғылау жоспарлануда, бұл алдағы уақытта мұнай қоры мен өндіру деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Келешекте Қазақойл Ақтөбе кен орнын қосымша барлауды көздеп отыр.
Сондай-ақ Әлібекмола кен орнының солтүстік бөлігінде келісімшарттық аумақты кеңейтіп, содан кейін мұнай өндіруді арттыру үшін бағалау ұңғымаларын бұрғылау жоспарлануда.
Жалпы, компания алдына қойылған міндеттерді сапалы іске асыру, соның ішінде геологиялық-техникалық іс-шараларды жүргізу, мұнай өндіру көлемін ұлғайту және жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту жөніндегі міндеттер қойылды.
Келесі жылы Қожасай кен орнының қызметкерлері үшін 150 орындық жатақхана салу жоспарланған. Нысан медициналық пунктпен, спорт залымен, асханамен және т.б. жабдықталады.
Компания Ақтөбе өңірінде әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Оларды жүзеге асыруға 2024 жылы 168 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.