Атырау, 22 наурыз 11:21
 бұлттыВ Атырау +12
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Қосымша сайлау қарсаңында Атырау облысының сайлау комиссияларының мүшелеріне семинарлар ұйымдастырылды

Сурет
503 просмотра

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалымен бірлесіп 2025 жылғы 10-19 ақпан аралығында «Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинарларын ұйымдастырды.

Еске салайық, 30 наурызда Атырау қаласы, Қызылқоға, Мақат және Махамбет аудандары мәслихаттары депутаттарының қосымша сайлауы өтеді.

Оқыту семинарларымен 8 қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының 56 мүшесі және 87 бірмандаттық аумақтық округтік сайлау комиссияларының 435 мүшесі қамтылды.

Оқыту семинарларында дәріс жүргізген облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптарын беріп, өз тәжірибелерімен алмасты.

Наурыз айында облыс бойынша 276 учаскелік сайлау комиссияларының 1085 мүшелері үшін оқыту семинарлары өтеді.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

19 ақпан, 23:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.