Атырау, 28 наурыз 03:33
 ашықВ Атырау +11
$ 498.25
€ 537.16
₽ 5.96

Атыраулық құтқарушылар қар құрсауында қалған жүргізушіге көмектесті

Бейнежазба
611 просмотра

Атыраулық құтқарушылар Ақтөбе облысының қар құрсауынан шыға алмай қалған автокөлік иесіне көмек қолын созды, деп хабарлайды Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.

Байғанин ауданы Жарлы ауылының тұсында қар құрсауында қалған көлік иесінің айтуынша жұмыс орнына апарар жолды қысқарту мақсатында қара жолмен жүруді жоспарлаған. Алайда, қалың қардың салдарынан көлігі батып, өздігінен шыға алмай, бір тәулік тұрып қалған. 

Атырау облыстық ТЖД қызметкерлері Toyota Hilux шассиіндегі заманауи үлгідегі құтқару жарақтарымен жабдықталған АБР (жедел әрекет ету автокөлігі) автокөлігінің көмегімен қарға батып қалған автокөлікті тас жолға сүйреп шығарды.

Бұл құтқарушылар Астана қаласында өткізілген «Жұмысшы мамандықтар қаласы» көрмесіне қатысып, Астана - Атырау бағытында келе жатқан Атырау облысының ТЖД жүргізушілері азаматтық қорғау аға сержанты Е. Изгалиев пен азаматтық қорғау қатардағы қызметкері Р. Теміртасов болатын.

Іссапарлары аяқталса да, олар жүргізушінің жанынан өтпей, қажетті көмек көрсетті.


19 ақпан, 19:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.