
Айта кету керек, өткен жылы су тасқынына бюджеттен 208 млн теңге жұмсалған болатын. Бірнеше шақырым бөгеттер жасалып, олар бүгінде ауылдық округтің теңгеріміне берілді.
- Су тасқынына болу болжамына сәйкес алдын-ала дайындық жұмыстары қызу жүруде. 2024 жылдың қазан айында Индербор кентінде ұзындығы 1346,6 метр және Елтай ауылында 2000 метр болатын бөгеттерді көтеру мен нығайту жұмыстары аяқталды. Бұған бюджеттен 71 млн теңге жұмсалды, - дейді Индер ауданы әкімі Серік НСАНОВ.
Бұл жұмыстар биыл да жалғасын тапқан. Жеті елді мекендегі 21650 метр бөгеттерді көтеру және нығайту үшін 210 млн теңге бөлінді. Күні бүгінде ұзындығы 21650 бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Ынтымақ ауылында 750 метр бөгет көтеру жұмыстары аяқталған. Ал Бөдене ауылындағы ұзындығы 700 метр болатын бөгеттің 90, Есболдағы 2800 метрдің 70, Өрліктегі 4400 метрдің 50, Көктоғайдағы 4500 метрдің 15-20, Жарсуаттағы 2900 метр бөгеттің 17-18 пайызы атқарылса, ал Құрылыс ауылындағы 5600 метр бөгеттің жұмысы ақпан айында басталмақшы екен.
Әкімнің айтуынша барлық жұмыстар наурыз айларында толық аяқталмақшы.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -1 



