Атырау, 21 наурыз 06:08
 ашықВ Атырау +7
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

​Үндістан билігі Volkswagen компаниясынан $1,4 млрд талап етуде

294 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Немістің Volkswagen автоконцерні дауға қалды. Үндістан билігі компанияның елдегі бөлімшесі қулыққа барғанын айтады, деп хабарлайды 24.kz

Көліктерді импорттау кезінде жалған мәліметтер көрсетіп, екі есе аз салық төлеп отырған дейді. Бұл жағдай 12 жыл бойы жалғасып келген. Енді сол үшін автоконцерннен шамамен бір жарым миллиард доллар талап етіп отыр. Бірақ Volkswagen өкілдері мұның бәрін жоққа шығарды. 

Сондай-ақ бір жарым миллиард доллар салық төлеуге қауқарсыз екенін айтады. Бұл компанияның Үндістандағы бөлімшелерінің жабылуына әкеп соқтыруы мүмкін екенін де ескертеді. Қазір ол бөлімшелер 6 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.

19 ақпан, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.