Атырау, 21 наурыз 06:01
 ашықВ Атырау +7
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Республикалық жарыста атыраулық бармен үздік атанды

536 просмотра

Астанада елдің үздік бармендері чемпион атағы үшін бақ сынасатын, жылдам коктейль дайындау өнеріне арналған Bacardi Martini Speed Mix байқауының финалы өтті. Еліміздің әр қаласынан ең үздіктер қатысқан байқауда атыраулық бармен Нұрсұлтан ҚАРЖАУБАЕВ чемпион атанды.

Қатысушыларға арнайы технология бойынша бес классикалық коктейльді мүмкіндігінше аз уақыт ішінде дайындау қажет болды. Әрбір кәсіби қимыл, шайқау жылдамдығы, дәлдікпен құю және мінсіз безендіру – жеңістің басты факторлары болды.

Қазылар алқасы тек жылдамдықты ғана емес, сонымен қатар коктейльдердің сапасын, дәм балансын және дайындық технологиясының сақталуын да бағалады. Финал көрермендерге нағыз әсерлі шоу сыйлады: аспанға шейкерлер көтеріліп, қатысушылар бөтелкелерді шебер игеріп, жанкүйерлер оларды қызу қолдау көрсетті.

30-дан астам бармен қатысқан жарыс нәтижесінде барлық ережелерді сақтай отырып, жылдам көктейл дайындаудан рекордтық уақыт (1 минут 54 секунд) орнатқан Нұрсұлтан жеңімпаз атанса, астаналық Мирас Төлемісов екінші, оралдық Тимур Жақан үшінші орынды иеленіп, қарағандылық Алихан Дурмағамбетов арнайы номинацияға ие болды.

"Гранд финалға қатысу үшін 2024 жылы Қостанай, Ақтөбе және Астана қаласында өткен іріктеулерге қатысып, жеңімпаз атанған болатынмын. Сондықтан гранд финал аса қиындық тудырған жоқ. Атырауда он жылдан бері бармен саласында қызмет етіп келемін", - дейді жеңімпаз.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті бармен жолдады 

19 ақпан, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.