Атырау, 28 наурыз 03:21
 ашықВ Атырау +11
$ 498.25
€ 537.16
₽ 5.96

Қытай астероидқа қарсы қорғаныс жүйесін құрмақ

279 просмотра
Фото: Lianhe Zaobao

YR4 деп аталатын астероид 8 жылдан кейін Жерге соқтығысуы мүмкін. NASA-ның болжамына байланысты қытайлық астрономдар нақты қауіп деңгейін анықтау үшін бақылау жұмыстарын жалғастырудың қажеттілігін мәлімдеді, деп жазады Kazinform. 

Lianhe Zaobao басылымының хабарлауынша, Қытай Жерге жақын астероидтарға қарсы қорғаныс жүйесін құруға кірісіп кеткен.

Қытайлық астрономдар аталған болжамға бола дүрлігуге еш негіз жоқ екенін айтады. Олардың пікірінше, қазіргі басты міндет — астероидтың орбитасын мұқият бақылау және нақты траекториясын есептеу. Егер оның болашақта адамзатқа шынымен қауіп төндіретіні дәлелденсе, қарастырылып отырған ықтимал қорғаныс стратегиялары да жоқ емес. Бұл бағытта Қытай «Жерге жақын астероидтарға қарсы қорғаныс жүйесін» құруды қолға алды. Сондай-ақ әлем ғалымдары да «планетарлық қорғаныс» мәселесі бойынша бірлесіп жұмыс істейді. 

Басылымның жазуынша, АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш әкімшілігі (NASA) жуықта 2024 YR4 астероидының 2032 жылы Жерге соқтығысу ықтималдығы 2% екенін мәлімдеген. Аспан денесі алғаш рет 2023 жылдың 27 желтоқсанында анықталған болатын.

Қазіргі уақытта бұл астероид 48 миллион шақырым қашықтықтан Жерге қарай ұшып келеді. Астероидтың Жерге соқтығысу ықтималдығы өте төмен болса да, ғалымдар оны бәрібір мұқият бақылап, қосымша деректер алуға тырысып отыр.

Ғалымдардың есептеуінше, бұл астероидтың диаметрі 40-90 метр аралығында. Демек, ол «Жаналғыш» деңгейіндегі астероидтар қатарына жатпайды.

«Жаналғыш» деңгейіндегі астероидтар — диаметрі 1 шақырым немесе одан да үлкен ғарыш тастары, олар Жердегі тіршілікке орны толмас апат әкелуі мүмкін.

19 ақпан, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.