
Тексеру барысында ҚР АШМ ЖРБК Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Атырау көлік прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп мемлекеттік жерлерді заңсыз пайдаланудың бірқатар фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Атап айтқанда, "К" АҚ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, осы ретте 2,6 млн теңге сомасына айыппұл салынды.
"К" шаруа қожалығына Махамбет ауданында орналасқан ауданы 100 га учаскені игеру туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалмауына байланысты жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес мәжбүрлі түрде алынды.