
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Замбиядағы Қазақстанның құрметті консулы Асиф Пательмен кездесті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық, соның ішінде геологиялық барлауға инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
А.Хасенов атап өткендей, ҚМГ қазіргі уақытта Африка бойынша мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуетін зерттеу үшін Конго мен Нигерияның іскер топтарымен де тұрақты байланыста.