Атырау, 21 наурыз 05:47
 ашықВ Атырау +7
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

​Атырауда ықшам аудандар арасындағы жолды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда​

Сурет
569 просмотра

Жоба аясында «Сарықамыс-2» ықшам ауданынан ерік Мостовой каналы арқылы «Нұрсая-3» ықшам ауданына тікелей шығатын жаңа жол ашылады.

Қазіргі таңда канал үстінен өткел салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жол құрылысының мердігері - «Маңғыстау жол-құрылыс материалдары комбинаты» ЖШС. Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сәйкес, жоба құны 2 млрд 521 млн 610 мың теңгені құрайды. Жолдың ені 15 метр, 4 жолақты болады. 

Бұл жол қала тұрғындарының қозғалысын айтарлықтай жеңілдетіп, көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді деп күтілуде.

Атырау қаласында Әбілқайыр хан көшесінен бастап, Сарықамыс ықшам ауданы арқылы Жастар көшесіне дейінгі автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары биыл толық аяқталады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор    

18 ақпан, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.