
Экологиялық ахуалдың нашарлауына негізгі себеп — белгіленбеген жерге қоқыс төгу, абаттандыру қағидаларын бұзу. Атырау қаласы полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айбол Ідірісов мәліметінше, Атырауда жыл басынан бері 151 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұлардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы, яғни, қоғамдық орынды ластағандар,түкіргендер, белгіленбеген орынға қоқыс лақтырғандар болып саналады.
Қала тұрғындары заңсыз қоқыс орындарына алаңдаулы. Олардың пікірінше, бұндай әрекеттер халықтың тыныс-тіршілігіне тікелей әсер етеді.
- Бұл жерге күн сайын қоқыс төгіледі. Жел тұрса, күл-қоқыс бүкіл аймаққа жайылады. Бізде WhatsApp-та ортақ чат бар. Көріп қалсақ, бірден жазып, учаскелік полицейге хабарлаймыз. Бірақ бастысы – әркім өзі жауапкершілік сезінуі керек. Сонда ғана қаламыз таза болады, – дейді шаhар тұрғыны Бибігүл Қойбағарова
Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында бірнеше жоба қолға алынған.
- Атырау қаласы 13 санитарлық аумаққа бөлінген. Әр аумаққа жауапты қызметкер белгіленіп, олардың басшылығымен тазалық жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті полициямен бірлесіп, жүйелі сенбіліктер ұйымдастырамыз. 2024 жылы тазалық талаптарын бұзғандарға 2000-ға жуық ескерту жасалды,– дейді Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген.
В Атырау -1