
Әлеуметтік желіде агрессивті мінез-құлқымен көршілеріне қоқан-лоққы көрсетіп жүрген Лесхоз ықшамауданының тұрғыны туралы ақпарат тарады. Жарияланған видеода ер адамның пәтерден шығып, көршілерінің есігін теуіп, балағат сөздер айтқанын көруге болады.
Көршілері полицияға әлденеше рет жүгінгенін, бірақ ешқандай шара алынбағанын айтады. Шағымдарын алғанымен, іс орнынан қозғалмайды екен. Айтуларынша, мұндай жағдай 5-6 жылдан бері жалғасып келе жатыр, олар өздерінің қауіпсіздігіне және сол үйде тұратын балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 1991 жылы туған азаматтың ата-анасының өтініші бойынша Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастырылғанын хабарлады.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА
В Атырау -1