Атырау, 23 желтоқсан 23:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ақкөл ауылының жаңа үміті

566 рет қаралды

Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында электр энергиясына деген тапшылық шешілмей келеді. 

Бес мыңға жуық халқы бар Ақкөл ауылы теміржол торабында орналасқан. Осы күнге дейін мұнда жарық мәселесі тұрғындарды тығырыққа тіреп келеді. 

- Ток қуаты нашар болғандықтан электр бұйымдарымыз жиі істен шығады. Бірақ бұған жауап беретін адам таппаймыз. Көше жарығы жоқ, сабақтан қайтқан балаларымызға қиын болып тұр. Кеш болса ауыл тас қараңғылықта тұрады, қорқынышты. Басқа ауылдарда бұл проблема шешіліп қойған. Неге біздің ауыл бұдан сырт қалған?-дейді тұрғындар ашынып. 

Ауылға жарықты КТЖ (теміржол мекемесі) алып келеді. Тұрғындар санының артуынан ток қуаты жетпейді, оның үстіне соқалар да тозып тұр. Ақкөл ауылы округ әкімшілігі теңгерімінде 50 соқа болса, қалғаны теміржол мекемесіне тиесілі. 1970 жылы пайдалануға берілген соқалар ауыстырылмағандықтан көбі жарамсыз күйде.

Тұрғындардың жан айқайынан кейін құны 2 млрд болатын жаңа подстанция салу қолға алыныпты. Аудандық ТҮКШ бөлімінің хабарлауынша, "Айком ЛТД" ЖШМ 16 дана трансформатор, 763 дана тірек және 596 көше шамдарын орнату жұмыстарын жүргізген. Ескі соқалар да ауыстырылып, 2025 жылдың сәуірінде іске қосу жоспарлануда. 

Егер уақытында бұл жұмыстар іске асса, онда ауылда толық жарықтандыру жайы шешіледі дейді мамандар. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 ақпан, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.