
17 ақпан сағат 22:14-те Атырау қаласы Өркен ықшам ауданындағы ауданы 12 ш.м болатын дүңгіршектен өрт шыққандығы жөнінде шақырту түсті, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар тез тағам дайындауға арналған орындағы өртті сағат 22:30-да оқшаулап, 22:42-де толықтай жойды.
Шақыртуға Атырау облысы ТЖД 15 құтқарушы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.