Атырау, 21 наурыз 05:30
 ашықВ Атырау +7
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

​Наурыз, Жеңіс күні және Әйелдер күні: Атырау облысы ауқымды шараларға дайындалуда

577 просмотра

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен көктемгі мерекелік күндер кезіндегі басты мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және оларды бекіту мәселелері талқыланды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиынға барлық басқарма басшылары мен ардагерлер қатысып, Алғыс айту күні, Халықаралық әйелдер күні, Ұлыстың ұлы күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралардың өткізілу ретін талқылап, өз ойларымен бөлісті.

- Былтырдан бастап Наурыз мерекесін тойлау арнайы наурызнама тұжырымдамасы арқылы өткізіліп бастады. Биыл өткен жылғы қателіктерді түзеп, жаңа жоспар жасадық. 14 наурыздағы Көрісу күнімен басталатын онкүндік 23 наурыз — Тазалық күнімен аяқталады. Мереке аясында биыл 109 іс-шара өткізу жоспарлануда. Оның 66-сы мәдени-көпшілік жиындар болса, 43-і спорттық шаралар. Сонымен қатар облыс аумағында 92 киізүй құрылады,- деді облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов.

Онкүндік аясында мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Исатай-Махамбет алаңында үлкен сахна құрылып, театрландырылған қойылымдар мен концерттік бағдарламалар өтетін болады.

Ал Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыс көлемінде салтанатты іс-шаралар, тарихи көрмелер, жәрмеңке мен гүл шоқтарын қою рәсімін өткізу жоспарланып отыр.

80 жылдық пен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад еліміздің астанасында өтеді. Өңір тұрғындарына бұл шараны арнайы орындарда құрылған LED-экрандардан тікелей эфир арқылы көруге мүмкіндік жасалады.

17 ақпан, 18:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.