Атырау, 30 наурыз 2054
 ашықВ Атырау +13
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Атырауда белгісіз біреу ұрланған көлікпен тұрақтағы көліктерді соғып, қашып кеткен

601 просмотра

Нұрсая ықшамауданындағы 89-үйдің ауласында 6 көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Белгісіз жүргізуші басқарған көлік 11 ақпанда таңғы 05:00 шамасында тұрақта тұрған бес автокөлікке соқтығысып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Көлік иесі табылғанымен, ол рөлде өзі болмағанын және көлігінің ұрланғанын алға тартып отыр. Оның айтуынша, көлігініашық күйде қалдырып, кілтін бардачокқа салып кеткен. 

Дегенмен, жәбірленуші тұрғындар мұндай жауапсыздықтың салдарынан өз көліктерінің бүлінгеніне наразылық білдіруде.

- Неге біреудің жауапсыздығынан менің көлігім зардап шегуі керек? Камералар айыппұл салуға келгенде жұмыс істейді, ал осындай оқиғаларда нәтижесіз, - дейді зардап шегушілер.

Айта кетейік, ұрланған көлік Нұрсая ықшамауданындағы 17а үйдің ауласынан ұрланыпты.

Аталған оқиғаға байланысты Атырау облысы полиция департаменті түсінік берді: «11 ақпан күні сағат 05:20 шамасында Атырау қаласы, Нұрсая мөлтек ауданында жол көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде хабарлама түсті. Тексеру барысында маркасы Toyota Camry көлік құралы тұрақта тұрған маркасы Ваз 2121, Lada Priora, Toyota Camry, Lada Granta, Ваз 2110 автокөліктеріне соқтығыс жасап, жүргізушісі белгісіз бағытқа қашып кеткен. Соқтығыс жасаған Toyota Camry көлік құралының иесіне телефон арқылы хабарласу барысында автокөлігін Нұрсая мөлтек ауданындағы автотұраққа есігі ашық және кілті ішінде тұрған күйде тастап кеткенін айтқан. Қазіргі уақытта іс-құжаттар жинақталуда», деп хабарлады полиция.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Әлеуметтік желіден алынған сурет

17 ақпан, 23:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16