Атырау, 7 қыркүйек 18:48
 дождьВ Атырау +28.2
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Ұмыт қалған қос патрон: атыраулық аңшыға айыппұл салынды

985 рет қаралды

Шекаралық бақылаудан өту кезінде «Toyota Land Cruiser 150» көлігінің жүргізушісінен мылтық оқтары табылды.

ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен («Қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау») азамат Б.-ның ісі Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.

Сот анықтағандай, көліктен аңшылыққа арналған 16 калибрлі екі патрон табылған. Сот қаулысымен Б.-ға 73 840 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

17 ақпан 2025, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.