Атырау, 21 наурыз 05:21
 ашықВ Атырау +7
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Атырау облысында 102 бала қатерлі ісікке шалдыққан

458 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Диспансерлік есепте тұрған кәмелет жасына толмағандар қатарында бір айлық сәби де тіркелген.

Облыстың штаттан тыс онкогематологы Гүлжан Ілиясованың айтуынша, онкологиялық аурулар балалар арасында сирек кездескенімен, олардың пайда болуына бірнеше фактор әсер етуі мүмкін.

- Балалар қатерлі ісікке сирек шалдығады. Дегенмен, кәмелетке толмағандар арасында мұндай аурудың пайда болуы жасушалардың бақылаусыз өсуі мен бөлінуі нәтижесінде туындайды. Сондықтан жыл сайынғы скринингтен өту аса маңызды. Қазіргі уақытта Атырау облысында қатерлі ісікке шалдыққан 102 бала диспансерлік есепте тұр. Жақында дәрігерлердің тексеруінен кейін 1 айлық сәбиге жедел лейкоз диагнозы қойылды, - дейді Г.Ілиясова.

Балаларды қатерлі ісіктен қорғау күніне орай облыстық балалар ауруханасында өткен ашық есік күні барысында Г.Ілиясова мен онкогематолог Айдос Дарханов 1-ден 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдап, жан-жақты медициналық тексеруден өткізді. Балаларға қажетті медициналық кеңес беріліп, диагностикалық көмек көрсетілді.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

17 ақпан, 22:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.