Атырау, 4 наурыз 07:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Атыраулық спортшы әлемдік додада қола жүлдегер атанды

972 рет қаралды

10-13 ақпан аралығында Дубайда өткен паражеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при додасында Махамбет СЕРІКҚАЛИЕВ найза лақтырудан қола жүлдегер атанып, халықаралық спорт шебері атағын жеңіп алды.

– Өткен жылы найза және ядро лақтырудан ҚР чемпионатында жеңіске жетіп, әлемдік Гран-приге жолдама алдым. Басты мақсатым денсаулыққа байланысты F-53 класын қорғау болды. Бұған қол жеткізіп қана қоймай, елге осындай қуанышпен оралдым, – дейді М.Серікқалиев.

Паражеңіл атлетикадан аға жаттықтырушы Жасұлан БИСЕНОВТІҢ айтуынша, додаға облыстан үш спортшы қатысқан.

– Махамбеттен бөлек Құмар РАЙЫМБЕК пен Нұрхан БЕРГЕМБАЙ сынға түсті. Олар денсаулықтарына байланысты халықаралық кластарын комиссия алдында қорғап шықты, - деп атап өтті Ж.Бисенов.

Әлемдік Гран-приге барлығы 44 елден 400-ге жуық спортшы қатысты.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

17 ақпан 2025, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.