
«АЖ» редакциясы түсініктеме алу үшін ЖШС директоры Алмас ІЗТЕЛЕУОВКЕ жүгінді. Ол әлеуметтік желіде тараған суреттегі шынымен де ЖШС қызметкерлері екенін растады.
Оның айтуынша, жұмысқа қабылданған кезде жұмысшылар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалықтан өтеді. Оларға қала шегінде тұрмыстық қалдықтарды жинау кезінде жүк көліктерімен адамдарды тасымалдауға тыйым салынғаны түсіндіріледі.
- Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін осы ереже бұзушылыққа қатысы бар жұмысшылар мен механизаторға шара қолданылды. Кәсіпорын қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қосымша нұсқаунама өткізді, - деп хабарлады ол.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА
Әлеуметтік желіден алынған сурет
В Атырау -1