Атырау, 25 желтоқсан 07:54
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​Атырауда полиция қызметкеріне айыппұл салынып, шенінен айырды

1 421 рет қаралды

Атырау қаласының №2 сотында полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Полиция қызметкеріне 190-баптың 2-тармағының 3-бөлігі («Қызмет бабын пайдаланумен алаяқтық жасау») бойынша айып тағылды.

Сот анықтағандай, сотталушы Атырау қаласы полиция бөлімінің лауазымды тұлғасы бола тұра, басқа лауазымды тұлғаның өндірісіндегі қылмыстық істі тоқтату үшін күдіктінің ағасынан 300 мың теңге алған.

Сотталушының кінәсі әңгімелесу жазбаларымен, жәбірленуші және куәлардың жауаптарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сот-фонографиялық және психологиялық-филологиялық сараптамалар қорытындыларымен дәлелденді.

Прокурор сотталушыға өмір бойы мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, «полиция лейтенанты» шенінен айыруды сұрады. 

Сотталушы және оның адвокаттары айыппен келіспей, ақтауды сұрады.

Кәмелетке толмаған балаларының болуы – жаза мен жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде, қабылдаған антын бұзуы – ауырлататын мән-жай ретінде танылды. 

Сотталушыға өмір бойы мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 млн теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды. Ол «полиция лейтенанты» шенінен де айырылды.

Жәбірленушінің жымқырылған мүліктің құнын өндіру туралы азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

14 ақпан, 20:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.