
Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы жедел медициналық көмек қызметтің жаңа ғимаратының эскизін көрсетті.
«103» қызметінің бас ғимараты Тайманов көшесіндегі автодром орнына салынатыны белгілі. Бас мердігер «Нуркапстройгаз» ЖШС нысан құрылысын 2026 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.
Жаңа ғимаратта жедел жәрдемге арналған жылы бокстан бастап, дәрігерлерге арналған душқа дейін қажеттінің бәрі болады. Ол қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметі орналасқан 1994 жылғы ғимаратқа қарағанда заманауи әрі кең болмақ.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау -5